Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері 29 желтоқсанда бірқатар өңірді тұман басып, көктайғақ болатынын хабарлады.
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері 29 желтоқсанда бірқатар өңірді тұман басып, көктайғақ болатынын хабарлады.
Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Шымкент қаласында күннің екінші жартысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Ал, Түркістан қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі. Актау қаласында көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!