Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады - Қоғам|16 Қаңтар 2017, 08:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-шығыста және оңтүстікте тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің кей өңірлеріне тұман түседі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде көктайғақ болып, жел күшейуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер