Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қоғам|25 Наурыз 2017, 09:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжап отыр. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман болып, желдің күшеюі сақталады, батыста жаяу бұрқасын, оңтүстіктің кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Атырау, Акмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимсал.

Астана қаласы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде -11-13°С, күндіз +1+3°С.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз +8+10°С.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер