BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Еліміздің басым бөлігінде ауа сапасы жақсарады

Сенбі күні Қазақстанның көптеген қаласындағы метеожағдай жайлы болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметіне қарағанда, Астана түнде, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе қалаларында ғана жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Басқа қалаларда ауа сапасына кері әсер ететін метеожағдайлар болмайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер