Еліміздегі жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы ғылыми инновацияның рөлі - Қоғам|26 Желтоқсан 2018, 20:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Еліміздегі жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы ғылыми инновацияның рөлі

Астана, BAQ.KZ. Қазақ технология және бизнес университетінің ғимаратында Республикалық жеңіл өнеркәсіп ғылыми-зерттеу институты: «Сән әлемі» дизайн және технология институтының ресми ашылуына арналған баспасөз конференция болды.

Конференцияға Қазақстан республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы» ЗБТ, зағиптар қоғамы мен мүгедектер қоғамының өкілдері, Астана қаласының мәдениет және шығармашылық өкілдері, белгілі дизайнерлер, ғалым-мамандар, студенттер мен Қазақ технология және бизнес университетінің оқытушылары қатысты.

Конференцияда тігін өнеркәсібі өнімдерінің ішкі нарығын дамытуға айтарлықтай кедергі келтіретін мәселелер мен проблемалар талқыланды.

Атап айтқанда, артта қалған және ескірген технологиялар мен жабдықтарды пайдалану; маркетинг пен қаржы технологияларын тиімсіз пайдалану, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі; заманауи талаптарға жауап беретін білікті мамандардың жетіспеушілігі, ағымдағы зерттеулер мен әзірлемелердің жетіспеуі, сондай-ақ халықты тігін бұйымдарымен қамтамасыз ете алмау (тек 8% отандық өндірушілер, ал 92% - импорт) сияқты мәселелер.

Сондай-ақ, киім өндірісінде импортты алмастыру, қосылған құнның жоғары үлесімен киім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі талқыланды.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды енгізу арқылы технологияларды және кәсіпорындарды басқару жүйесін жетілдіру мүмкіндігі өндіріске енгізіледі.

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және отандық және әлемдік нарықтағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін Өндірістік сектор консорциумы Дүниежүзілік банк грантының қаражаты есебінен өндірісте Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) нәтижелерін және инновациялық технологияларды енгізу арқылы құрылды.

Басқарушы компания мен Консорциум көшбасшысы - Республикалық жеңіл өнеркәсіп ғылыми-зерттеу институты: «Сән әлемі» дизайн және технология институты. Ол тігін саласы кәсіпорындарына инновациялық технологияларды енгізу процесінің зерттеу базасы мен интеграторының қызметін алды.

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов атап өткендей, жеңіл өнеркәсіп саласында ғылым мен өндірісті біріктіретін ғылыми институт құру көптен бері шешілмей жүрген өзекті мәселе еді.

«Жылдам дамып келе жатқан технологиялар саласындағы инновацияларды өзара байыту мәселесі өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады және тұрақты инвестицияларды талап етеді», - деді А.Батанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер