Елбасымен кездесуден ерекше қанаттанып қайттым - Қоғам|13 Желтоқсан 2016, 19:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасымен кездесуден ерекше қанаттанып қайттым

Таяуда Астана қаласында Елбасымыздың қатысуымен республикалық Жастар форумы болып өтті. Оған еліміздің барлық облыстарының белсенді жастары қатысты. Ауқымды басқосуға Үржар ауданы жастары атынан қатысу маған бұйырды. Мемлекет басшысымен кездесу мен үшін үлкен мәртебе, ұмытылмас сәт болды.

Мемлекет басшысымен кездесу өмірімде қойған мақсаттарымды айқындауға, бағдарлауға жол ашады деп сенемін. Тәуелсіз Қазақстанның жалынды жастарымен жүздесуге жағдай жасаған Елбасыға алғысымды білдіремін.
Өзім ауылда туып-өскендіктен, Президентіміздің ауылға көп көңіл бөлетіндігі қуантады. Мемлекет бас¬шысы жеті жыл бұрын бастал¬ған «Дипломмен – ауылға!» бағдарла¬масына тоқталды.

«Бәрі ауылдан қалаға жаппай қоныс аударған кездер болды. Бұл – бүкіл әлемде бар процесс. Яғни, үлкен қалалар әрқа¬шан адамдарды өзіне тартады. Алайда, біздегі жағдай өзгеше. Құнар-лы жерлері, 40 миллион гектар егіс алқабы, 290 миллион гек¬тар жайы¬лым¬дық жерлері бар еліміз бүкіл әлемді органикалық өнімдермен қамти алады. Бүгінде тұрғындар саны өсіп келеді, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс та бір орнында тұрмай, өскен үстіне өсе береді. Ауыл шаруашылығына сұраныс та ұлғая бермек. Өйткені, қалай болғанда да, адамға әрқашан күніне үш мезгіл тамақ ішу керек. Сол себепті біздегі ауыл шаруашылығы саласының бола¬ша¬ғы үлкен», - деді Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Форум аясында патриоттық сезімдері бойларын кернеген азат елдің ұландары бірінен соң бірі сөз алып, тәуелсіздіктің арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Олардың ішінде маған ерекше әсер қалдырған жас ғалым Арман Сүлейменов болды. Жалпы, еліміз бойынша жас ғалымдардың саны 9 мыңға жетіпті. Бүгінде био, нанотехнологиялар, компьютерлік ілімнің жілігін шағып, майын ішкен өнертапқыштар тың салаларды зерттеп жүр екен. Арман алдағы уақытта Қазақстанда жасалған компьютерлік бағдарламалар бүкіл әлем бойынша үлкен сұранысқа ие болса деген тілегін жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы жас ғалымның стартап инкубаторын құрғандығын айтып, елуден астам түрлі платформалар смартфондарға арналғандығын және бұл маңызды екендігін ерекше атап өтті.
Форум барысында республикамыздың әр облысынан қатысқан білімді де білікті жастармен танысып, Елбасының сөзімен қанаттанып қайттым.
Ұлт көшбасшысы жастарға ең бастысы адамдық қасиеттерді жоғалтпауды тапсырды. Сонымен қатар, Елбасы жастар арасында тез байып кетуге елігетіндер көп екенін айтты.

«Оңай жолмен келетін ақша, тез-ақ жұмсалады. Осыны түсіну керек. Ақша келеді, кетеді, ал кәсіби біліктілік болса, оны ешкім де тартып ала алмайды. Яғни, ақшаңды не болмаса мүлкіңді кез келген уақытта тартып ала алады. Ал жақсы білімді сенен ешкім тартып ала алмайды. Сонда сен өмірде жетістікке жетесің», - деді Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Ол үшін білімді, білгір, еңбекқор болу керек. Демек, заманның көшін бастайтын жастардың жетістігі – тек ғылымда деді Елбасы. Ал біз жастар Президентіміздің бізге артып отырған сенімін ақтауға міндеттіміз.

Зухра Нұржанқызы,
Үржар аудандық мәслихатының депутаты, "Дидар" газеті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер