BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ел және Елбасы» журналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры мен Кітапханасы үш жыл бұрын Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын кеңінен таратуға негізделген «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты байқауын өткізді. Ол дәстүрге айналып, жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында баспа қызметкерлері мен электронды БАҚ үздіктері марапатталды.

Байқау жұмыстары сапасының артқанына тоқталған Тұңғыш Президент Қорының директоры Дариға Назарбаева «Осы тұста шетелдік ақпарат құралдары өкілдерінің байқауға қызығушылығы бізді қуантпай қоймайды. Сондықтан, комиссия мүшелері байқауға халықаралық деңгей беруді бірауыздан қолдап отыр. Енді шетелдік журналистер «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» атты халықаралық номинацияға қатыса алады», - деген жағымды жаңалықпен бөлісті.

Расымен жыл өткен сайын «үздік жаршы» атанам деушілер қатары толығып келеді. Алғашқы жылы 365 жұмыс келіп түссе, биыл олардың саны 564-ке жетті.

«Үздік телевизия материалы» - «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі Ержан Калымбайұлының еңбегіне берілді.

«Ғаламтор-Бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым» - «Елорда-ақпарат» сайтының журналисі Айнұр Шошаеваға берілді.

«Үздік радиоматериал» - «Қазақ радиосы» Жанат Жанұзаковтың бағдарламасына тиесілі болды.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» - «Казахстанская правда» газетінің журналисі Анастасия Прилепская.

Астананың 20 жылдығына орай тағайындалған «Ел жүрегі – Астана» аталымының иегері - «ҚР Президентінің Телерадиокешенінің» режиссері Берік Әбішев.

Топ жарғандарға ақшалай сыйақы беріліп, кеуделеріне арнайы төсбелгі тағылды және диплом табысталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер