Ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады - Қоғам|09 Желтоқсан 2016, 09:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыстың кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 25 м/с-қа күшейеді.

Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел соғады – 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с-қа күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с .

Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел – 15-20 м/с.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді – 17-22, екпіні 25 м/с жетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер