BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева көпшілікті жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды 

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін жол құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында жол апаты кезінде екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева көпшілікті жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды.

«2017 жылы мен жол-қозғалысы оқиғасына түсіп, екі аяғымнан айырылдым. Көлікті жүргізу бойынша 10 жылдық тәжірибем бар, барлық қауіпсіздікті сақтадым, сол жеткілікті деген ойда болатынмын. Алайда ол қауіпсіздік жеткіліксіз болып шықты. Көлігімдегі ақауға байланысты мен ережеге сәйкес жол жиегіне тоқтап, көлігімдегі апатты белгіні қоймақшы болып далаға шықтым. Санаулы секундтың ішінде жолдағы көлік қалай қағып өткенін өзім де білмей қалдым. Сондықтан жолда жүргенде өте мұхият болу керек, ол кезде күн жылы еді, сондықтан барлығыңызды жер тайғақ кезде ғана емес үнемі жол бойында мұхият болуға шақырамын. Өйткені сіздердің кесірлеріңізден өзге жандар зардап шегуі мүмкін» ,-деді ол.

Сондай-ақ ол, қазір қос аяғынан айырған кінәлілерді іздеу маңызды емес екендігін, тек қоғамды жол қауіпсіздігін сақтауға шақырғысы келетіндігін жеткізді.

«Осындай жағдай басқаларда да орын алмаса екен, көлікті тізгіндеген әр жан жауапкершілікті сезіне білсе екен деген оймен сіздердің алдарыңызға келіп отырмын. Иә, бүгін бізде бәрі жақсы, ешқандай жамандық болмайды деген оймен жүреміз. Дегенімен қауіпсіздік жағына да көп мән беру керек, өйткені оқыс жағдай аяқ-асты орын алады. Ол орын алмас үшін әрдайым оның алдын алуға, жол ережесін сақтауға тырысуымыз керек» ,-дейді Е. Парафиева.

Оның айтуынша, қоғам қауіпсіз болу керек, ол үшін әр адам өзінен бастағаны жөн.

«Статистиканы қарап отырсам жол апаты бойынша еліміз алғашқы орында екен, әрине бұл өкінішті жағдай. Сондықтан апатты жағдайды азда болса азайту үшін халықты жол қауіпсіздігін сақтауға шақырамын», -деді ол.

Жақында ғана Астанада Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның жол апаты бойынша әлемде бірінші орында екендігі айтылды. Сонымен қатар, Алматы-Астана тас жолы өте қауіпті екені айтылды. Бұдан бөлек, Алматыда 10 айда жол апатынан 114 адам көз жұмған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер