Діни мұрамызды заманға бейімдей отырып сақтауымыз керек - Ермекбаев - Қоғам|28 Қыркүйек 2017, 15:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Діни мұрамызды заманға бейімдей отырып сақтауымыз керек - Ермекбаев

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Бішкекте «Қазіргі заманауи зайырлы мемлекеттегі ислам» атты халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Министр Нұрлан Ермекбаев жиында радикализммен күрес бағытын көрсете отырып, деструктивті діни ағымдар идеяларының насихатталу мәселесін көтерді.

«Кеңес өкіметі кезеңінің өзінде біздің халықтардың дінге деген көзқарасына қарамастан, бейбітшілік пен толеранттыққа бағытталған діни дәстүрлер қалыптасқан болатын. Біз діни мұраларымызды заман талаптарына сәйкес бейімдеп, сақтап қалуымыз керек. Зайырлы қоғам ғана көпконфессиялы ортада өзінің діни теңдігін қамтамасыз ете алады» деді Нұрлан Ермекбаев.

Министр халықаралық ынтымақтастықты тереңдету және діни негізде экстремизмнің алдын алу саласында тәжірибе алмасу мен бірлескен шараларды қабылдау мақсатында діни қызмет саласын реттейтін Орталық Азия елдерінің ведомстволары арасында Халықаралық Консультативтік кеңес құру туралы ұсыныс жасады.

«Мемлекет қайраткерлері, ғылым мен дін жолындағы тұлғалар – бәріміз діни экстремизм мен радикализм тарапынан туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы бірігуіміз керек. Мұндай кеңес өңірлік форматта бірлескен тиімді жұмыс тетіктерін қалыптастыруға жол ашады. Бірлесіп шешімдерді жүзеге асыру арқылы деструктивті күштерге қарсы тұра аламыз» деді Нұрлан Ермекбаев.

Министр конференцияға қатысушыларды мемлекеттің және діндердің өзара әрекеттесуі жолында қазақстандық моделін қалыптастыру бағытында Қазақстан үкіметі атқарып жатқан шаралармен таныстырды. Заңды түрде жұмыс істейтін барлық діни бірлестіктермен ынтымақтастық орнату арқылы азаматтардың ар-ождан бостандығына деген құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекет қолға алып отырған жұмыстар туралы айтты.

Жиынға қатысушылар мемлекеттердің ұлттық мәдени ерекшелігін сақтау, теріс ағымдардың тарауына жол бермеу, діни салада демократиялық басқарудың тиімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударды.

Конференцияға 19 елдің дін саласындағы уәкілетті органдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері және танымал шетелдік исламтанушы сарапшылар қатысуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер