BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Демалыс күндеріне орай бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет алдағы демалыс күндері еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

25-27 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.

25 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, күндіз екпіні 23 м/с жетіп жел соғады.

26 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

25 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Естеріңізде болса, бұған дейін демалыс күндері еліміздің солтүстік өңірлерінде де дауылды ескерту жасалғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер