BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Burabike велошеруінің қорытындысы бойынша 205 млн теңге жиналды

Фото: автордан

Щучинск-Бурабай курорттық аймағында өткен Burabike 2018 жыл сайынғы қайырымдылық велосипед шеруі аясында 205 млн теңге жиналды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің қайрымдылық велошеруіміздің қорытындысы бойынша 205 млн теңге жиналды. Бұл қомақты қаржыға қайырымдылық аясында өткізілген жәрмеңкеде сатылған заттардың, сонымен қатар шеруге қатысу үшін жарна төлеген азаматтар мен аукционнан түске қаржы кірді. Енді осы ақшаға уәде еткендей елді мекендердегі балалар аруханаларына арнайы медициналық техника сатып алатын боламыз. Жалпы жұмысымыздың нәтижесін осы жылдың аяғында желтоқсанда немесе қаңтар айында көретін боласыздар. Медициналық техниканы сатып алу, оны елге әкелу, орнату оңай шаруа емес. Алайда біз БАҚ арқылы жиналған қаражаттың қайда кеткені туралы есеп беретін боламыз», - деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов

Айта кетейік, бұл жолы аукционға 15 лот қойылды. Оның ішінде Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар бокс қолғабы, Astana Pro Team бірегей велосипеді, Рафаэль Надальдың, Новак Джоковичтің және Зарина Диястың ракеткалары, Пеленің қолтаңбасы бар футболка, «Асыл мирас» орталығы балаларының суреттері, Батырхан Шукеновтың «Отан Ана» таспасы бар.

Сонымен қатар, лоттарды сатып алушылар қатарында еліміздің қалталы азаматтары мен қатар танымыл спортшыларымызда болды. Дәлірек айтсақ Серік Сәпиев пен Александр Винокуровтың ұлы да осы шараға өз үлесін қосты.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан шара аясында Burabike қатысушылары және қонақтары қайырымдылыққа 470 миллион теңгеден астам қайыр жасаған. Ал, 2017 жылы жиналған қаражат 168 429 890 теңгені құрады. Бұл 2013 жылғы жиналған сомадан 15 есеге артық (ол кезде велосипед шеруі алғаш рет өткізілген болатын).

Жалпы, 6 жылда қатысушылар саны 8 есеге өскен, дәлірек айтсақ, 130 адамнан 1 023 адамға дейін артты. Осы жылы балалардың өмірін құтқаруға өз үлесін қосамыз деп 2 300 адам ниет білдірген. Оның ішінде 600-ден астам адам 30-километрлік қашықтықты велосипедпен жүріп өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер