BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін кей облыста тұман түсіп, жел күшейеді

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік, орталық, шығыс және де оңтүстік батыс бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасын болады.

Aқмола облысының кей жерінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады, тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болады, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер