BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін елдің басым бөлігінде аяз болады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағына антициклон слемі ықпал етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз, ауа райы аязды болады. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Aлматы облысыың кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, брқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, түнде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Aқмола, Aтырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер