Бүгін бірнеше облыста көктайғақ, бұрқасын болады - Қоғам|06 Наурыз 2018, 09:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін бірнеше облыста көктайғақ, бұрқасын болады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25м/с, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде жаяу бұрқасынмен. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күші 15-23 м/с болады, Батыс Қазастан облысында бұрқасын болуы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер