BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.03 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қаланың ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"27 желтоқсанда Шымкент және Өскемен қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, Қарағанды, Теміртау, Балхаш қалаларында сақталады", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер