Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды - Қоғам|25 Желтоқсан 2018, 08:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сейсенбі күні қай қаланың ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"25 желтоқсанда Астана, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер