BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Бұдан былай Жер комиссиясының әрбір отырысы онлайн көрсетілетін болады

АСтана, BAQ.KZ. Алдағы уақытта Жер комиссиясының отырыстары жергілікті атқарушы органдардың сайттарында онлайн көрсетіліп, барлық аудио-бейнежазба әкімдіктердің сайттарында сақталатын болады. Бұл туралы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті хабарлады.

"Енді Жер комиссиясының әрбір отырысы барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) ресми интернет-ресурстарында онлайн трансляциялау режимінде отырыстың аудио-бейнежазбасы жүргізіліп отырады. Жер комиссиясы отырысының аудио-бейнежазбасын санкцияланбаған тоқтатуға немесе түзетуге болмайды. Барлық аудио-бейнежазбалар ЖАО серверлерінде сақталып, олардың көшірмелері Жер комиссиясы отырысына қатысушыларға, сондай-ақ жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш берген адамдар мен олардың өкілдеріне беріледі" - делінген комитет таратхан хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер