Бір жылда Қазақстанның халқы 1,3 пайызға өскен - Қоғам|16 Қараша 2018, 10:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бір жылда Қазақстанның халқы 1,3 пайызға өскен

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 18 334,3 мың адамға жетті.

Оның ішінде қалалықтар – 10 597,2 мың (57,8%), ауылдықтар – 7 737,1 мың адам (42,2%).

"Бұл көрсеткіш 2017 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде республикалық маңызы бар қалалар арасында ең көп өсімге Шымкент қаласы (67 429 адам), Алматы қаласы (55 139 адам) және Астана қаласында (40 113 адам) ие болды" - делінген ҚР ҰЭМ таратқан ақпаратта.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер