BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл тұрғын үй құрылысына кепілдік беру сомасы жоспардан асып түсті

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. "Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына кепілдік беру бойынша жоспарды артығымен орындады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында айтылды.

Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша кепілдік берудің нақты сомасы 56,4 млрд теңгені құрады және бұл жоспардан 16,3 млрд теңгеге асып түсті. ТҮҚКБҚ үлестік құрылыстың нарығын 13,9% қамтыды, ал жоспар бойынша 7% көзделді.

"2018 жылы ТҮҚКБҚ Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларындағы тұрғын үй құрылысының аяқталуына жалпы сомасы 56,4 млрд теңгені құрайтын 16 кепілдік берді. Кепілдік берілген пәтерлердің жалпы алаңы 241,3 мың шаршы метрді құрайды. Бұл - барлығы 4145 пәтер", - дейді ТҮҚКБҚ Басқарма төрағасы Данияр Жұмашев.

Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысының төрт нысаны жобалық құжаттамалармен қарастырылған мерзімде пайдалануға берілді, оның екеуі Алматыда және екеуі Астанада орналасқан. Қалған нысандардың құрылысы жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілуде.

Тұрғын үй құрылысына кепілдіа беру қоры - үш жақты пайданы қамтамасыз ететін және үш жақтың да мүддесін сақтандыратын тұрғын үй нарығының операторы. ТҮҚКБҚ құрылыс салушыларда төтенше жағдайлар туындаған кезде үлескерлерге тұрғын үйді өз қаражаттарына салып бітіретініне кепілдік береді. Несие беруші банктерге ТҮКҚБҚ салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға берілетін үлескерлердің несиелеріне кепілдік береді және үлескерлер дефолт болған кезде банктерге несие сомасын өтейді. Құрылыс салушыларға Қор үлескерлердің қаражаттарына жол ашады, құрылысты қаржыландыру бағасын төмендетуге жағдай жасайды және құрылыстың басынан бастап тұрғын үйді сатуға мүмкіндік береді.

Қордың қаржылық капиталы жалпы жобалық құны 200 млрд. теңгеге дейін тұрғын үйэ құрылысының нысандарына кепілдік беруге мүмкіндік береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер