Биыл елімізде жол-көлік оқиғасынан 15 мыңнан астам адам зардап шеккен - Қоғам|17 Қазан 2017, 10:26
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл елімізде жол-көлік оқиғасынан 15 мыңнан астам адам зардап шеккен

Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша елімізде 10587 жол-көлік оқиғасы болып, 15140 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәлімдеуінше 2017 жылдың қаңтар-тамызы аралығында 497 013 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 13,3%-ға артық. 2017 жылғы 1 қыркүйектегі статистика бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3919,8 мың бірлікті құраған.

Ал осы жылдың 8 айында 15 140 адам зардап шеккен 10587 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттың 8,4%-ға азайғанын көрсетеді.

Сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 15,7 млрд теңге сомасына 46 485 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер