BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл елімізде 10 мыңға жуық адам жұмыссыздар қатарына қосылды

Астана, BAQ.KZ. Штаттағы қызметкерлерді қысқартуға байланысты 9,8 мың адам жұмысынан айырылған. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында қызметкерлерді қысқартуға байланысты 9,8 мың адам жұмысынан айырылған. Соның ішінде, кәсіпорынның таратылуы салдарынан 6,3 мың адам жұмыссыз қалған.

Сонымен қатар, 2017 жылдық толық қорытындысы бойынша 13 мың адам жұмыстан қысқартылған. Өз кезегінде, 2016 жылы – 14,6 мың адам, 2015 жылы – 20,1 мың адам, ал 2014 жылы – 15,3 мың адам жұмысынан айырылған.

Ал, 2013 жылы Қазақстанда жұмыстағы қысқартуға іліккендер саны 57,3 мыңға жеткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер