Белгілі сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдин дүниеден өтті - Қоғам|01 Наурыз 2018, 16:09
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Белгілі сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдин дүниеден өтті

Қазақ сатирасының сардары, жазушы, журналист Үмбетбай Уайдин 83 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Үмбетбай Уайдаұлы Уайдин 1935 жылы 10 қарашада Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының Темірастау ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін 1965 жылы бітірген.

1954-1958 жылдары Донбастағы Красный Луч қаласында шахта құрылысшысы, 1958 жылы Шалқар ауданы газеті редакциясы жанындағы баспаханада әріп теруші болып жұмыс істеген.

1959 жылдан қазақ радиосы, «Ара» журналы, «Өнер» баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әртүрлі қызметтер атқарған.

Уайдиннің «Қара көзілдірік» (1968), «Құрдым шиыр» (1971), «Ендігісін айтпаймын» (1974), «Ішің білсін» (1976), «Контейнермен келген кемпір» (1978), «Тілсіз қоңырау» (1980), «Быды-быды» (1982), «Нанайын ба, нанбайын ба?» (1984), «Инабат иірімдері» (1985), «Мәселе қайда жатыр?» (1987), «Пәлен-пәштуан» (1992), «Мәңгілік мәселе» (1993) кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған. Қазақстан сатириктерінің «Найзагер» қауымдастығы президентінің орынбасары.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер