BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Azerbaijan Airlines Алматы – Баку тікелей рейсін іске қосады 

Астана, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта әуе компаниясының Қазақстанға бағытталған тікелей рейсі мүлде жоқ. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.

Azerbaijan Airlines (AZAL) 2019 жылдың көктемінен бастап Бакуден Алматыға қарай бағытталған тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

AZAL баспасөз қызметінде хабарлағандай, қазіргі уақытта әуе компаниясы алматылық әуежайдан сәйкес рұқсат алу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, компанияда түсіндіргендей, оларда күні бүгінге дейін Қазақстанға тікелей бағытталған өз рейстері болмаған. Алайда, код-шер келісім бойынша SCAT әуе компанисымен бірлесіп AZAL Ақтауға бірлескен рейстер жасайды.

Жаңа рейстердің ашылуы үкіметаралық келісімдерге, әуе компаниясының бос әуе кемесіне және қазақстандық нарықтағы жолаушылар тасымалының сұранысына байланысты болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер