BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аяғынан айырылған ақтөбелік мүгедектік анықтамасын ала алмай жүр 

Ақтөбе, BAQ.KZ. Бір аяғынан айырылған ақтөбелік зейнеткер бір жылдан бері мүгедектік анықтамасын ала алмай жүр.

Соңғы бірнеше жыл бойы Юрий Мануилов ауыр науқас.

"Бір жылдан бері дәрігерлер күйеуімді қарап, бірінші топ мүгедектігін тағайындауына қол жеткізе алмай жүрмін. Ол үшінші топтағы мүгедек. Кезінде өндірістік жарақат алған. Біздің аудан бойынша №1 емханаға тіркелгенбіз. Жолдасым Семейде әскери борышын өтегендіктен, оны ардагерлер емханасына ауыстырды. Ол жақ біз үшіп өте ыңғайлы еді. Алайда, кейіннен тағы өзгерістер орын алып, клиника №6 емханаға қарағандықтан, бізді сонда ауыстырды. Ал ол жақта күйеуіме қажетті дәрігер мамандар жоқ. Біз ол емханада жұрттың барлығын шаршаттық. Айқай-шумен дәрігерді үйге әрең шақырттық", - дейді зейнеткердің жұбайы Раиса Мануилова.

Ол бірінші топтағы мүгедектік тағайындалса, ауруды басатын сәйкес дәрілер мен науқасқа қажетті керек-жарақтардың Юрий Мануиловке тегін берілетінін айтты.

"Бірінші топтағы мүгедектікті алу үшін емхана тарапынан арнайы анықтама қажет. Ал ондағылар төрт ай бақылау қажеттігін айтады. Оған мүгедектік бірінші рет тағайындалып отырған жоқ. Мұның не қажеті бар? Оның ұйқысы нашар. Түнімен көз ілмей, ауруы жанына батып, тіпті жылайды. Ауруды басатын күшті дәрілер сәйкес мүгедектік болғанда ғана беріледі", - дейді шарасыз Раиса Мануилова.

Өз кезегінде, №6 емхананың бас дәрігері Жексенбі Көптілеуов алдағы уақытта медициналық мекеме мамандары зейнеткердің үйіне барып, арнайы консультация берілетінін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер