Ауа райы: Бірнеше облыста ескерту жарияланды - Қоғам|25 Шілде 2017, 08:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауа райы: Бірнеше облыста ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 25-27 шілдеге арналған ауа-райы болжамын ұсынып, ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылап, күн ысиды.

Еліміздің оңтүстігінде ауа райы ыстық болады, күндіз термометр бағандары +40+45 градусқа дейін, солтүстік аймақтарда +27+33, кей жерлерде +35+38 градусқа дейін жоғарылауы болжанды.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 40-43 градусқа дейін өте қатты ысиды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер