BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Атырауда мәслихат депутаты ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды

Фото: Kursiv.kz

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин Атырауда облыстық мәслихат депутаты ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді.

Бердалиннің айтуынша, соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық үшін 19 мәслихат депутаты қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Оның ішінде 9 облыстық, 4 қалалық және 6 аудандық деңгейіндегі депутаттар бар.

Ал биыл қылмыстық жауапкершілікке 7 мәслихат депутаты тартылған. Олардың кейбіріне қатысты айыптау үкімдері шыққан.

Осы орайда Арман Бердалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Атырау облысы бойынша департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында мәслихат депутаты ұсталғанын айтты.

«Атырау ақпарат» ЖШС-нің басшысы, облыстық мәслихат депутаты ұсталды. Ол делдалдар арқылы мемлекеттік сатып алу келісім шарттарын жеделдетілген түрде жасау үшін мердігер ұйымдардың өкілдерінен ірі көлемде пара алды деп күдіктеліп отыр. Сондай-ақ депутат мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген 5 млн теңге көлеміндегі қаражатты жымқыру бойынша күдіктелуде», - деді директор брифингте.

Сонымен қатар Арман Бердалин қазіргі таңда депутаттың үйқамақта отырғанын мәлім етті. Оның айтуынша, «Атырау ақпарат» компаниясының құрылтайшысы Атырау облысының әкімдігі екен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер