BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанаға 2 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

Фото: karmetugol.pulscen.kz

Астана, BAQ.KZ. Қазіргі таңда елордадағы қатты отынның жалпы қоры 11 мың тоннадан асады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасында белгілі болғандай, елордаға 2166 тонна көмір жеткізілген. Оның 276 тоннасы – «Шұбаркөл», 1890 тоннасы – «Қаражыра» маркалы көмір. 26 желтоқсандағы жағдайға сәйкес көмірдің жалпы қоры 111528,31 тоннаны құрайды.

Астанадағы көмірдің бағасы төменде көрсетілген: «Шұбаркөл» тоннасы – 11 400 теңге, «Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге, «Майкөбе» тоннасы – 12 500 теңге, «Богатырь көмір» тоннасы – 9 000 теңге, «Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауында ұстап отыр. «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер