BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанадағы көмір қоры 10 мың тоннадан асты

Астана, BAQ.KZ. 14 қарашадағы жағдайға сәйкес елордадағы көмірдің жалпы қоры 10 360, 66 тоннаны құрады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана жеткізілген 2820 тонна көмірдің 1311 тоннасы – «Шұбаркөл», 1509 тоннасы – «Қаражыра» көмірі.

«Шұбаркөл» маркалы көмірдің бағасы Астанада – 13 600 теңге, «Қаражыра» - 13 500 теңге, «Майкөбе» - 12 500 теңге, «Богатырь көмір» - 9000 теңге, «Кузнецкий» тоннасы - 12 250 теңге.

Астанада отын сатумен айналысатын 8 компания бар. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөнінде меморандумдарға қол қойған болатын.

Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, үнемі бақылауында ұстап отыр. «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер