Астанада көше караокесі ашылады - Қоғам|25 Сәуір 2018, 11:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада көше караокесі ашылады

Фото: BNews.kz

Жақын күндері Астанада жазғы кинотетр мен көше караокесі ашылады. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«27 сәуірде сағат 15.00 Арбат маусымы ашылады. Сіздерге үш күн бойы таңғажайып шоу мен ұмытылмас сәттер сыйлайды. Жақында жазғы кинотеатр мен көше караокесі ашылады», - деп жазды Арман Тұрлыбек.

«Арбаттың» ашылуына орай алдағы үш күнде бірқатар мәдени шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, 27 сәуірде қолөнер туындыларын жасауға қажетті тауарлардың сатылымы, 28 сәуірде Батырхан Шүкеновті еске алу кешін өткізу көзделіп отыр. Белгілі әнші, композитор 3 жыл бұрын дәл осы күні Мәскеуде жүрек талмасынан көз жұмған болатын. Ал 29 сәуірде ашық арт алаңда "Ашық микрофон" өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер