BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада көру қабілеті нашар жандарға арналған қоғамдық көлік жүре бастады

Астанада қолданыстағы № 1 маршруттың базасынан 8 қыркүйектен бастап № 1А модификациялық маршруты іске қосылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Астана LRT» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа бағдар «Шұбар» мөлтекауданы, 78 көше, 7 мекенжайындағы «Қазақ зағиптар қоғамдастығы» ҚБ мен «Аль-Ғани» мешітін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

№ 1А маршруты қолданыстағы № 1 бағдардың базасында дайындалды. № 1 А бағдарының жүру кестесі:

«Кирпичный т/а» аялдамасынан бастап «Бараева көшесі» аялдамасына дейін № 1 маршруттың кестесімен сәйкес қозғалады, ары қарай Қабанбай батыр даңғылынан тікелей жүріп өтіп, солға Космонавтов – оңға қарай Арай көшесі – соңғы аялдама «Шұбар» мөлтекауданы.

Кері бағытта Арай көшесі, ары қарай оңға Сарайшық көшесі – оңға Қабанбай батыр даңғылы – ары қарай кестеге сәйкес қозғалады.

«Астана LRT» бұл шараны тұрғындардың өздері жасаған өтінішінен кейін қабылданғанын айтты.

«Мұның алдын көзі нашар көретіндер алыста орналасқан аялдамаға келуге мәжбүр болатын, ал қазір автобус «Шұбар» мөлтекауданында орналасқан «Қазақ зағиптар қоғамдастығы» ҚБ орналасқан жерге дейін жақындатылды.

Аталған автобус күніне 10 реттен қатынайды, аралығы 40 – 55 минуттан. Уақыты: сағат таңғы 06.30 – 20:57-ге дейін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер