BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада көмір сатып алғыңыз келсе

Бүгінде қалада көмір өнімін сататын 7 негізгі орын бар. Қатты отынның жалпы қоры 15 мыңнан астам тоннаны құрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәл қазіргі таңда Астанада көмір мәселесі байқалмайды. Халыққа қажетті қатты отынның жалпы қоры 25 тамыздағы жағдай бойынша 15 111 тоннаны құрайды.

17-сі мен 25-ші тамыз аралығында астанаға 90 вагон немесе 6223 тонна көмір келіп түсті.

Сонымен, Шұбаркөл көмірінің бір тонна бағасы 12500-14500 теңгені құрайды, Қаражыра – бір тоннасы 14000 теңге, Майкөбе – бір тоннасы 12500 теңге.

Айта кетейік, «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» көмір сатушылармен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған болатын.

Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайға күн сайын мониторинг жүргізіп әрі бақылауында ұстап отыр. «iКөмек 109» базасында халықпен тікелей байланыс желісі құрылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер