BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада ғалымдар мен сарапшылар бас қосты

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы, «Eurasian Expert Council» ҚҚ және «Astana Success Building Group» ұйымдастырумен ғалымдар мен сарапшылардың «Көпэтносты қоғам және заманауи мемлекет: даму стратегиялары» атты халықаралық форумы өтті.

«Қоғамдық даму министрлігі өз құрылымында әртүрлі топтар арасындағы қатынастарды үйлестіруге бағытталған және байланысты нығайтуға арналған жұмыстар жүргізуде. Біз этно-әлеуметтік үдерістерді басқаруда құзіретті тәсілді қамтамасыз ету үшін сапалы, ғылыми және әдістемелік базаны қалыптастыру басым бағыт деп санаймыз. Қазақстандағы барлық реформалардың өзегіне айналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осының аясында қазіргі қоғамдық сананның өзгеруін болжайтын «Әлем қалай дамиды?» ұйымы жұмыс істеуде. Министрлік «Руғани жаңғыру» бағдарламасын іргерілету бойынша Қазақстан Халық Ассамблеясы ағартушылық жобасын және болашаққа ұмтылған ұлт 5 әлеуметтік бастауды үйлестірді. Арнайы ағартушылық, ақпараттық және диалогтік алаңдарды қамтиды. Біз этносаралық қатынастар саласында зерттеу және талдау жұмыстарды күшейтуді қарастырудамыз. Қазақстанда конститутциялық орган мәртебесіне ие және өзінің парламенттік фракциясы бар бірегей қоғамдық келісім иниституты Қазақстан Халық Ассамблеясы жұмыс істейді. Бүгінде ассамблея алдында және барлық қоғам алдында жаңа міндеттер қойылады», - дейді ҚР қоғамдық даму вице-министріСергей Коновалов.

Форум аясында Қазақстандағы Өзбекстан жылын өткізудің, сондай-ақ, Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалардың республикалық конкурсының қорытындылары шығарылды.

«Қазақстан халық ассамблесы Елбасының барлық бастамаларын қолдап, өз тарапынан жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін ғалымдар мен сарапшылардың кездесіп, саясат бойынша, ассамблеяның жұмысы бойынша өзінің пікірлерін білдіріп, осы конкурсты ұйымдастырды. Бұл конкурс «Рухани жаңғыру» және «Ұлтаралық келісім» тақырыптарымен тікелей байланысты ғылыми жобалар сайысы. Конкурс жыл бойы өткізіліп, бүгін марапаттау кезеңіне де жетті. Жоба мақсаты: Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін жасауға ғылыми қауымдастықты және жастарды тарту болып табылады» - дейді Пулатов Шерзод Аббозұлы СІМ қоғамдық кеңесінің мүшесі

Видео: Нұржас Жақсыбай

Конкурс жыл бойы өткен. Ол Қазақстанның барлық аймағын қамтыған. Республикалық деңгейге 11 облыстан келіп түскен 21 жоба өтті. Соның ішінде финалға 10 жоба өтті. Тексеру бес бөлімнен түрған. Осы 10 жоба бүгін марапатталады.

Бас жүлде: «Жаңа технологиялық тәртіп шарттарындағы ақпарат және киберәлеуметтену» Насимов Мұрат Өрленбайұлы;

І орын: «Мәңгілік ел ұрпақтың рухани тұлғасын қалыптастыру » Керімбаева Рысты Қалдыханқызы;

ІІ орын: «Жастар ортақ этносаралық толеранттылықты нығайту» Жастарға арналағн жоба Свинарчук Анна Ивановна және Сағандықова Жайлагүл Оранқызы;

ІІІ орын: «Депортатция дәуіріндегі қазақстанның ізгілікті-гуманистік келбеті» Қайралы Қарлығаш Қаршытбақызы;

Қатысқаны үшін дипломмен марапатталғандар:

«Кейкі батыр ерлік пен елдік өнегесі. Ұлы дала тұлғалары. Кейкі батыр ізімен ғылыми-ағартушылық экспедициясы» атты жобаның авторы Абсадық Алмасбек Ахметұлы;

«Андриод жүйесінде оқыту қосымшасын дайындау» Атбенова Аян Алмайқызы;

«Түргі халықтар әдебиетінің дамудағы көркем аударманың ықпалы» Еуразия ұлттық университетінің ұжымы;

«Жаһандану жағдайындағы Қазақстанды технологиялық жаңғырту» Нұрманова Аягөз Қайырғалиқызы;

«Руғани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстан халық ассамблясының рөлі» Шыршытбай Майра Шыршытбайқызы.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер