BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша ертең елордада боран соғады. Бұл туралы Қазгидрмет хабарлады.

«19 желтоқсанда жаяу бұрқасын жүріп, солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с жетеді. Дауылдың ықтималдығы 95-100 % құрайды», - делінген хабарламада.

Ал Ақмола облысының кей жерлерінде 19 желтоқсанда тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші15-20 м/с жететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ауа райына байланысты Астанада оншақты рейс кешіктірілгені туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер