BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Биылғы жылы «Алтын сапа» конкурсына 182 кәсіпорын қатысты. Оның 78 -і шағын кәсіпкерлік, 76-сы орта және 28-і ірі кәсіпкерлік нысаны.

Жеңімпаздар төрт номинация бойынша сайысқа түсті: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

«Алтын Сапа-2018» байқауының жеңімпаздары: «СемАз» ЖШС (ШҚО), «Alugal» ЖШС (Алматы облысы), «Орал сауда-өндіріс компаниясы» ЖШС (БҚО), «Радуга» ЖШС (СҚО), «Бал Текстиль» ЖШС (Түркістан облысы), «Novacom Technology» ЖШС (Жамбыл облысы), «Мырза-хан» ЖШС (Астана), «Темір жол транспортындағы Қазақстан сертификаттау орталығы» ЖШС (Астана), «БиКаДа» ЖШС (Маңғыстау облысы), «Рыбпром» ЖШС (Алматы облысы), «Бижан» ет өңдеу кешені» ЖШС (Алматы қаласы), «Гормолзавод» ЖШС (Ақмола облысы).

Ал «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына биыл 153 шағын, орта, ірі бизнес субъектілері іріктеліп алынып, жеңімпаздар анықталады.

Жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»: «DOLCE» ЖШС (Алматы облысы), «Зерде – Керамика» ЖШС (Шымкент қаласы), «Медидез» ЖШС (Қостанай облысы);

«Халыққа арналған үздік тауарлар»: «West Line doors» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС (Атырау облысы), «Dalatex» ЖШС (Қызылорда облысы);

«Үздік азық-түлік тауарлары»: «Шин Лайн» ЖШС (Алматы облысы), «ViZaVi Company» ЖШС (СҚО), «Danone Berkut» ЖШС (Алматы облысы).

Сондай-ақ, бүгінгі шара барысында «Ұлы дала елі» қолшатыр бренді конкурсының жеңімпаздары мен «Атамекен» ҚР ҰКП бекіткен «Iскер» арнайы сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды.

«Ұлы дала елі» бойынша жеңімпаз атанған кәсіпорындар: «Astana Ютария ltd» ЖШС (Астана), «Кнауф Гипс Капчагай» ЖШС (Алматы облысы), «Орал трансформатор зауыты» (БҚО), «Милх» ЖШС (Қостанай облысы).

«Іскер» арнайы сыйлығы бойынша жеңімпаздар: «Zhulduz» ЖК Сән үйі (БҚО), «Galex Plus» Саран тігін фабрикасы» ЖШС (Қарағанды облысы), «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС (Ақтөбе облысы), «ЕвразияИнвест Ltd» ЖШС (Қарағанды облысы), «Пасека семьи Пилипушко» ШҚ (СҚО), «The CHEF delecatessen» (Астана), «Пасека» шаруа қожалығы (ШҚО), «Роза-валяльно-войлочный комбинат» ЖШС (ШҚО), «Жекенова Асель» ЖК (Маңғыстау облысы), «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС (Шымкент).

Марапаттау рәсімі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін «Индустриаландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпірі аясында өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер