BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада алдағы екі күнде аяз болады

Фото: 12millionov.com

Астана, BAQ.KZ. Алдағы үш тәулікте Астанада аязды ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Бүгін Астанада ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -10-12°С болмақ.

12 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр екпінмен соқпақ.

13 қараша күні көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жаууы мүмкін. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болмақ. Сынап бағанасы түнде -12-14°С, күндіз -7-9°С көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер