Астана, BAQ.KZ. Инвестор елордада қоғамдық көлікті күтуге арналған 50-ден астам жылы аялдаманы ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана, BAQ.KZ. Инвестор елордада қоғамдық көлікті күтуге арналған 50-ден астам жылы аялдаманы ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Алғашқы Your I-Stop Жағалау шағын ауданында Орынбор көшесі, 4 мекен-жайы бойынша («Құлагер»ТК аялдамасы) ашылды.
Бұл аялдамадан № 61 және 101 бағдарлар өтеді. Кестеге сәйкес өзіне қажетті автобус бағдарларын тұрғындар мұнда 8-20 минут аралығында күтеді. Ал енді осы уақытта астаналықтар жаңа аялдамада жылынып, телефонын да қуаттай алады. Мұнда сондай-ақ, кофе ішіп, жүрек жалғап алуға да болады. Аялдамада әжетхана да бар.
Жаңа аялдаманың ашылу рәсіміне «Есіл» ауданының әкімі Төлеген Закарьянов қатысты.
«Біз жылы аялдаманы не себепті осы жерге орнатып отырмыз? Жағалау – жаңа шағын аудан. Ол қарқынды өсіп жатыр. Қазіргі кезде бұл ауданда 25 мың адам тұрып жатыр. Ал келер жылы тұрғындардың саны 35 мыңға жетеді. Бұл ауданда желдің қатты сезілуіне орай, жылы аялдаманы осында орнатуды жөн көрдік», - деді әкім.
Аялдаманың ауданы 16х3 метрді құрайды. Мұнда күту залы, сауда орны және ақылы әжетхана бар.
Павильон энергия тұтыну деңгейі төмен инфрақызыл жылыту жүйесімен жабдықталғандықтан, аялдаманы «ақылды» деп атайды.
Ол Астанада жасалған. Жоба толығымен американдық I-Stop Inc компаниясының инвестициясының есебінен орнатылады.
Аудан әкімдігінің қолдауымен аялдамаға коммуникация тартылған. I-Stop Inc компаниясы өзінің салған қаржысын сыртқа жарнама есебінен қайтаруды жоспарлауда. Келесі Your I-Stop аялдамасы Достық көшесінде ашылады («Қорғаныс министрлігі» аялдамасы).
Ал 2019 жылдың аяғына дейін қалада осындай 50 аялдама ашылады деп жоспарлануда.
Фотолар: Нұржас Жақсыбай
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!