BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада 774 ғимарат мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайсыз – әкімдік

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі таңда Астанада 700-ден астам ғимаратты мүмкіндік шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы ету қажет. Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы ЖӨБ қызметін үйлестіру және арнайы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Илья Скуб мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі әрқашан да өзекті. Қазіргі таңда Астанада 774 ғимаратты мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайлы ету қажет. 506 ғимаратқа тиісті жұмыстар жүргізілді. Бірақ мұндағы жұмыстар мінсіз жүргізілді деп айта алмаймын. Себебі, ескертулер бар. Мұндай ғимарат иелерін мүмкіндік болса жауапкершілікке тартуға болар еді. Өкінішке қарай, әкімдіктің ондай мүмкіндігі жоқ», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін азаматтардың көмегі қажет.

«Аталған мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтардың көмегі керек», - деп түйіндеді сөзін Илья Скуб.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер