BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада 2 жарым мың адамға дейін тіркелген «резеңке» пәтерлер анықталды

«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» атты жобаның шеңберінде елорда әкімдігі, құқық қорғау органдарымен прокуратура қызметкерлері біріге отырып, қаладағы «резеңке пәтерлермен» күресу шараларына кірісті, деп хабарлайды Baq.kz.

Құқық қорғау органдарының өкілдері шара барысында елордада бір пәтерде 30-дан 2,5 мың адамға дейін тіркелген ондаған пәтерлерді анықтады.

«Жергілікті полиция қызметкерлері пәтерлерді аралап, осындай фактілерді анықтады. Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБК-нің 493-бабымен 88 пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, аталған мекен-жайлардан пәтер иелерінің өтініші бойынша 4 135 жуық адам тіркеуден шығарылды, олардың арасында шетел азаматтары да бар», - дейді қадағалаушы орган өкілдері.

Енді тіркеуден шығарылған азаматтар үшін аталған мән-жайлар кейбір мемлекеттік қызмет түрін алуға және мемлекеттік тұрғын-үй алуға қиындық тудыратын болады.

Сонымен қатар, жүргізілген мониторинг нәтижесінде қаланың коммуналдық қызметтерімен «резеңке пәтерлерде» қызмет (сумен қамтамасыз ету, қоқыс әкету) құны қайта есептелуде.

«Аталғандарды ескере отырып, қала қонақтарын заң талаптарын бұзбауды және «созылмалы пәтерлерде» тіркеу түріндегі заңсыз қызметтерді жүзеге асыратын күмәнді тұлғалардың көмегіне жүгінбеуді, ал қала тұрғындарын тіркеу деректерін тұрғылықты жері бойынша сәйкестендіруді сұраймыз», - дейді Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Елбасы Астанада «резеңке» пәтерлердің көп екенін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер