Астана мен Сингапур әріптестікті кеңейтуде - Қоғам|25 Қазан 2018, 21:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана мен Сингапур әріптестікті кеңейтуде

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Сингапурдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Зулкифли бин Бахарудинмен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекет басшыларының қолдауының арқасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту үшін барлық жағдай жасалғанына тоқтала кетті.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Астана әкімдігі Сингапурмен іскерлік әріптестікті кеңейтуге үлкен мән беріп отыр. Екі ел арасында менеджмент саласында тәжірибе алмасу орнатылды. 2016 жылы қаңтарда № 2 индустриалдық паркте сингапурлық «Jurong Consultants» компаниясы әзірлеген мастер-жоспардың таныстырылымы өткен болатын.

«Қазір біз ірі қалалардың даму тәжірибесін зерттей отырып, «Қазақстан - 2050» стратегиясымен жұмыс жасап жатырмыз. Сингапурдың тәжірибесі бізге өте пайдалы әрі үлгі боларына сенімдімін. Егер сіздің осы салада сарапшылармен әріптестік бойынша идеяларыңыз бен ұсынысыңыз бар болса, біз олармен кездесіп, әріптес болу мүмкіндігін талқылаймыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ қала әкімі Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысы басталғанын, оның Қазақстанда қаржы инфрақұрылымының ядросына айналатынын мәлімдеді. Астана әкімі Сингапурдың қаржы және инвестициялық институты АХҚО жұмысына қатысады деп үміттенетінін айтты.

2019 жылы 9-13 қыркүйекте Астанада қалалық туризм бойынша VIII ЮНВТО саммиті және ІІ Жібек жолы елдеріндегі қала мэрлерінің форумы болып өтеді. Осыған байланысты Бақыт Сұлтанов Сингапурды жоғары деңгейде өтетін аталмыш шараға қатысуды шақырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер