BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы жаңа мекен-жайда жұмыс істейді

Фото: Yvision.kz

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 12 қарашасынан бастап «Астана LRT» ЖШС орталық кассасы өз мекен-жайын өзгертеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Кассаның жаңа мекен-жайы: Қошқарбаев көш., 50/1. Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды.

Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен, сондай-ақ ауқымды күту залы; заңды тұлғалар үшін жеке қызмет көрсету аумағы; қызмет көрсету терезелерінің көптігі, балаларға арналған ойнау бұрышының ұйымдастырылуы сияқты артықшылықтары бар.

Орталық касса дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08: 30-дан 18: 00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

«Астана LRT» ЖШС-нің орталық кассасында қолма-қол қаражатты қайтаруды жүзеге асыра аласыз. Сондай-ақ, мұнда жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарының дубликаты беріледі. Жаңа мекен-жайға қатынайтын бағдарлар: №3, №20, №41, №47, №21, №33, №107(экспресс), №100(экспресс). Аялдамалар: "Тұрсын Астана" Т/К және "Барыс" Т/К


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер