Астана әуежайында жүктерді ұрлау 50% азайды - Қоғам|12 Қараша 2018, 12:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана әуежайында жүктерді ұрлау 50% азайды

Фото: bkp.prokuror.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысында айтылды.

Ағымдағы жылы көлік прокурорларымен 2 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталып, 300 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалғады және әртүрлі жауапкершілікке 757 тұлға тартылды.

«Ден қою шараларымен 1,1 млрд. теңге өндірілді, сонымен қатар 825 млн. теңге мемлекет пайдасына және 3 900 жұмысшының пайдасына 146,9 млн. теңге жалақы берешегі», - делінген ведомсвтоныңғ хабарламасында.

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 2 әуекомпанияның қызметі және 17 әуе кемесін пайдалану тоқтатылды. 139 заңсыз автотасымалдаушы анықталып, заңсыз жабдықталған 94 автобус маршруттарынан шеттетілді.

Бұдан басқа, қадағалау актілері бойынша 1600 км астам мұнай-газ құбырлары жөнделді және ауыстырылды, уәкілетті органдармен магистральдық құбырлардың күзет аймақтары мен аз қашықтықтарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Профилактика шараларымен көлік нысандарында қылмыстың 9,5% азаюына қол жеткізілді. Астана әуежайындағы жүктерді ұрлау саны 50%, Алматы әуежайындағы 23% дейін азайды. Цифрландыру бағдарламасы шеңберінде электрондық форматта 28 қылмыстық іс тергелді, оның ішінде 18 аяқталды, 3 - сотқа жіберілді», - дейді мамандар.

Жалпы, соттармен 970 адамға қатысты 828 қылмыстық іс қаралды. Бас бостандығынан айыруға 63 адам сотталды. Қылмыстық айыппұл 219 адамға қатысты 224,7 млн.теңге сомасында қолданылды, оның 98%-ы немесе 220,8 млн. теңгесі ерікті түрде төленді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер