BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана әуежайында 10-нан астам рейс кешігуде 

Астана, Baq.kz. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында 10-нан астам ұшақ кешігуде.

Соның ішінде, жеті ұшу рейсі мен бес қону рейсі уақытынан кешігуде. Атап айтқанда, SCAT әуе компаниясының Шымкент - Астана және Ереван - Астана бағыты бойынша екі рейсі, Qazaq Air әуе компаниясының Алматыдан шығатын екі рейсі мен Жезқазғаннан ұшатын бір рейсі кешігуде. Сондай-ақ, Air Astana компаниясының Алматыдан бағытталған рейсі мен польшалық әуе желілерінің Варшавадан шығатын рейсі де кешігіп жатыр. Кешігу уақыты жарты сағаттан 4,5 сағатқа дейін жетіп отыр.

Сол сияқты, Астаеадан Ереван, Алматы, Ақтөбе және Жезқазғанға бағытталған рейстер де кешігуде.

Атап өту керек, Астанада аздаған қар жауып, тұман түсуде. Рейстердің кешігу себебі жөнінде әзірше мәлімдеме жасалған жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер