BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыға жаңбыр жауып, арты қарға ұласты

Фото: ашық дереккөзден

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Түнгі сағат 23:00 шамасында Алматының төменгі бөлігінде жаңбыр жауып, бір сағаттан кейін оның арты қарға айналды. Таңғы сағат 08:00-де қар қалыңдығы 4 см құрады.

Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, көктайғақ жағдайын ескерту мақсатында кешкі уақыттан бері құм шашу кезекшілігі атқарылуда. Сондай-ақ көктайғаққа қарсы 2800 тонна материал пайдаланылған.
Жаяу жүргіншілер жолы да қардан тазартылып жатыр.

«Түнгі уақытта 416 арнайы техника мен 1045 жол тазалаушы жұмысшы жұмылдырылды. Күндіз 860 техинка мен 2620 жол тазалаушы жұмысшы әрекет ететін болады», - делінген хабарламада.

Қазгидрометтің дерегінше, қар 13 қарашаға дейін жауады деп күтілуде.

«Көктайғақ жағдайына байланысты автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерді абай болуға шақырамыз. Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қарды тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер