Алматыда дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаушы азамат сотталды - Қоғам|09 Ақпан 2018, 12:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаушы азамат сотталды

Алматы облыстық соты Қарасай ауданының тұрғыны тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни ұйымының идеологиясын насихаттады деген айыппен бір жылға сотталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қарасай аудандық соты аудан тұрғыны А-ны Қылмыстық кодекстің 405-бабының 2-бөлігімен («Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу») айыпты деп танып, бір жылға соттаған. Сот айыпталушының аты-жөнін толық атамады.

Облыстық сот ақпаратына қарағанда, Қарасай ауданының тұрғыны «Таблиғи жамағат» ұйымына мүше болып, Алматы облысы аумағында ұйым идеологиясын насихаттап, таратпақ болған».

Сот үкімі әзірге күшіне енбеген.

Қазақстанда «Таблиғи жамағат» ұйымы 2013 жылы экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Биліктің ұйғарымынша, «Таблиғи жамағат» Орталық Азияда ислам халифатын құруды көздейді.

Қазақстанда 2013 жылдан бері бұл ұйымның қызметіне араласты деген айыппен ондаған адам сотталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер