BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алдағы үш күнде аяз болады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойныша, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға жылжыған кең алқапты және күшті антициклон республиканың барлық аймағында айтарлықтай суық тудырды.

Жексенбі күні ауа температурасының ауытқуы осы маусым үшін 3...8°С төмен болды, ал солтүстік және шығыс облыстарда 10...15°С төмен болды. Тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температураның ауытқкуы оң таңбалы болды. Бірақ антициклонның шығысқа жылжуы мен созылмалы суықтың енуіне байланысты осы аудандарда да алдағы тәуліктерде айтарлықтай суық ауа райы күтіледі.

Сондықтан алдағы үш тәулікте антициклонның әсеріне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде суық және көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ, 15 қарашада күндіз ауа температурасының аздаған жоғарылауы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер