Астанада ауа температурасы төмендеп, күн суытады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Астанада ауа температурасы төмендеп, күн суытады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер 11 қазанда көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болатынын айтады. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр болмақ. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +15...+17°С болады.
12 қазан күні бұлт шығып, жауын-шашынды, арты қарға ұласуы мүмкін ауа райы күтіледі. Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5...+7°С.
13 қазанда Астанада ауа райы бұлтты, жауын-шашынды болады. Жел кей жерлерде секундына 15 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +2...+4°С.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!