BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әкімдер экологиялық төлемдерді тиісті мақсатқа бөлмейді – Николай Радостовец

Фото: интернеттен

Әкімдер экологиялық төлемдерді тиісті мақсатқа жұмсамай отыр. Бұл туралы «Тау-кен өндірісі мен металлургия кәсіпорындары» республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен директор еліміздегі экологиялық мәселелердің жылдан жылға күрделеніп келе жатқанын атап өтті.

«Қазіргі жағдайға үлкен алаңдаушылықпен қараймын. Кейбір жерлерде қара қар жауып жатыр. Бірақ аталған мәселеге экономикалық тұрғыдан қарайықшы. Себебі, экономиканың артында экология мәселесі тұр. Жыл сайын Mittal Steel компаниясы экологиялық төлем ретінде жергілікті бюджетке (Қарағанды облысы – автор) жыл сайын 10 млн доллар төлейді. Ал «Аллюминий Қазақстан» АҚ облыстық (Павлодар облысы – автор) бюджетке 15 млн доллар бөледі», - деді Николай Радостовец Дүниежүзілік тау-кен конгресінің «Экология және қалдықтарды өңдеу» сессиясында.

Оның айтуынша, жергілікті әкімдер аталған қаржыны экологиялық мәселелерді шешуге жұмсамайды екен.

«Осы қаржыны жергілікті әкімдер өңірдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыруға жұмсап отыр ма? Павлодарда осы қаржының 3%-і, Қарағандыда 2%-і экологияға жұмсалады. Бұл ақшаны компаниялар жасыл технологияларды енгізудің орнына бюджетке береді. Осы қаржыға әкімдік жолдар мен саябақтар салады. Мұны кім дұрыс емес деп айта алады?
Әкімнің позициясымен қарағанда, бұл жұмыс дұрыс болып көрінуі мүмкін. Себебі, оған қаржының қайдан келіп жатқаны маңызды емес», - деді директор.

Николай Радостовецтің пікірінше,қазіргі таңда тау-кен өндірісі мен металлургия кәсіпорындардың экологиялық төлемдері орынсыз жұмсалып отыр.

«Біздің позициямызбен алғанда, бұл дұрыс емес. Себебі, Беларуссияға қараңыздаршы, экологиялық төлемнің қаржысы компанияның өзінде қалады. Әлем елдерінің тәжірибесіне қарайық. Экологиялық төлемдер экологиялық мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет. Ал енді осы қаржыны компаниялардан алынса, біз не істейміз?», - деді ол.

Осы орайда директор еліміздегі экологиялық төлемдерді тиісті мақсатта жұмсауға қатысты өз пікірін білдірді.

«Біз тәртіпті өзгертетін шығармыз. Аталған қаржының бір бөлігін қоғамдық кеңес пен Үкіметтің бақылауымен кәсіпорындарға тазартқыш құралдарды орнатуға бөлейік. Көмірден газға көшейік. Осы жобаларға қомақты қаражат керек. Осыны түсініңіздер. Басқа елдерде осы қаржы тиісті мақсатта жұмсалады. Біз аз салық төлеп отырмыз ба? Оның мөлшері жылдан жылға өсіп отыр. Біз Үкіметке бюджетке өзгеріс енгізейік деп ұсынымызды білдірдік. Әкімдерге салықтың есебінен тиісті қаражат берілсе, ал экологиялық төлемдер тиісті мақсатта жұмсалуы қажет», - деп түйіндеді сөзін Николай Радостовец.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер