BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әділет министрлігі мен Жоғарғы сот жаңа жоба жасап жатыр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының Заңнама институтымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолауымен «Назарбаев орталығында» «Әкімшілік құқықта атқарушылық іс жүргізу» ІХ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияны салтанатты түрде ақшан GIZ-дің Қазақстандағы, Өзбекстандағы және Түрікменстандағы өкілдігінің басшысы, Берлин қаласы Әкімшілік сотының судьясы Йорг Пуделька іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы мен шет елдерде әкімшілік құқықта атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау екенін айтты.

«Бүгінгі конференция барысында көтерілетін мәселе өте өзекті. Конференция жұмысына отандық өкілдерден басқа Германия, Люксембург, Швейцария, Эстония, Латвия, Грекия, Әзербайжан, Армения, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей сияқты алыс-жақын шет елдерден 150-ден астам адам қатысады. Бұл конференцияға алғаш қатысып отырған өкілдер де бар. Әкімшілік құқықта атқарушылық іс жүргізу бойынша жақсы тәжірибе алмасамыз деп ойлаймын», - деді ол.

Конференцияда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев құттықтау сөзін сөйледі.

«Бұл конференцияға шетелдік сарапшылар, ҚР Парламент депутаттары, мемелкеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Бүгін және ертең ұлттық құқықтың маңызды салаларының бірі – атқарушылық іс жүргізуді әкімшілік құқыққа енгізу мәселесін талқылайтын боламыз. Көптеген еуропа мемлекеттерінде әкімшілік әділет қалыптасып қойған институт болып саналады. Қазақстан бірнеше жыл бойы әкімшілік әділеттің оңтайлы үлгісін іздеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта Әділет министрлігі Жоғарғы сотпен бірлесіп, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасын жасап жатыр. Бұл Қазақстандағы құқық қорғау жүйесіндегі жаңа құжат. Оның мақсаты – мемлекеттік органдармен дау-дамай туған жағдайда Қазақстан азаматтарының құқығын қорғау, екі тараптың да мүддесінде баланс сақтау», - дейді Әділет министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер