BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Адамның жеке деректерін ұрлайтын «екінші» WhatsApp пайда болды

Android-смартфондарын зиян программа шабуылдады. Ол WhatsApp көшірмесі бола отырып, қолданушылардың жеке басына байланысты деректерін ұрлайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Life.ru басылымына сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желілерде WhatsApp Plus деген атаумен тарап жатыр. Оны телефонға жүктегенде белгілі бір сілтемеге басуды талап етеді, ал гаджетке толық орнатылған соң мессенджердің клиенті бола отырып, тағы бір қосымшаны орнатуға кеңес береді. Бұл туралы Malwarebytes Labs сайты жазады.

Мамандардың айтуынша, бұл зиян келтіретін қосымша. Ол қолданушылардың жеке деректерін алып, үшінші біреуге жеткізеді. Сондықтан Android құрылғыңызда WhatsApp-тың «сыңарын» көре қалсаңыз, оны бірден өшіріп тастаңыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер